Жаналыктар

«Data analysis and Computational Social Science school» Жазғы мектебі

ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ЖАЗҒЫ МЕКТЕПКЕ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ОҚУДЫ


ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕСІ


1. Жазғы мектепке қабылдау және оқуды ұйымдастыру ережелері
Жалпы ережелер:
1.Осы Ереже Жазғы мектепке тыңдаушыларды іріктеу және оқытуды ұйымдастыру тәртібін (бұдан әрі – Ережелер) айқындайды.
2.«Data analysis and Computational Social Science school» жазғы мектебі (бұдан әрі – Мектеп) ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің ИРН BR28713139 «Есептік әлеуметтік ғылымдар: әдіснама мен дәлелдеу саясатының жаңа көкжиектері» гранты аясындағы «Ел Үміті» корпоративтік қорының білім беру жобасы болып табылады. Жоба Kazakhstan Sociology Lab алаңында өткізіледі, бұдан әрі Ұйымдастыру комитеті деп аталады.
3.Мектептің мақсаты – қатысушылардың әлеуметтік зерттеулер жүргізу үшін деректерді талдау құзыреттіліктері мен дағдыларын дамыту.
4.Мектепке қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі.
5.Мектепте оқу тегін.
6.Тыңдаушылар саны – 40 адамға дейін.

2. Конкурстық іріктеуді өткізу тәртібі:
7.Конкурстық іріктеуді Ұйымдастыру комитеті өткізеді.
8.Қатысуға социология, әлеуметтік жұмыс, саясаттану, мәдениеттану, философия және басқа да әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы жоғары оқу орындарының оқытушылары, PhD докторанттары, магистранттары шақырылады.
9.Конкурсқа келесі талаптарға сай келетін кандидаттар қатыса алады.
Кандидаттарға қойылатын талаптар:
- 2025 жылғы 10-11 қазан аралығында Алматы қаласындағы оқуға күндізгі форматта қатысу мүмкіндігі (ұйымдастыру шығындары жеке қаражат есебінен төленеді);
- Социология, әлеуметтік жұмыс, саясаттану, мәдениеттану, философия және т.б. әлеуметтік ғылымдар саласындағы аяқталмаған немесе аяқталған жоғары білімнің болуы;
- Жоғары уәждеме (мотивация);
- Эмпирикалық зерттеулер жүргізудің расталған дағдыларының болуы құпталады (жұмыстар тізімі);
- Қазіргі ғылыми жобасының өзектілігі және пысықталғандығы (жан-жақты дайындалғандығы).

10. Конкурстық іріктеу онлайн өтінім (Ережелерге Қосымша) арқылы 2025 жылдың 5 қазанына дейін (сағат 23.59-ға дейін) кандидаттарды жинау арқылы жүзеге асырылады.
Конкурстық іріктеу нәтижелері туралы ақпарат 2025 жылдың 6 қазанынан кешіктірілмей sociologylab.kz веб-сайтында жарияланады.
Конкурстық іріктеудің әр кезеңінің нәтижелері туралы Ұйымдастыру комитеті кандидатқа өтінімде көрсетілген электрондық пошта арқылы жазбаша түрде хабарлайды.

3. Мектепке қатысуға өтінім беру тәртібі:
13. Кандидаттар өтінімдерді өз бетінше береді.
14. Қатысу үшін 2025 жылдың 5 қазанына дейін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1.Ережелерге сәйкес Қосымшаға сай нысандағы конкурсқа қатысуға арналған өтінім. Ол мына сілтеме бойынша онлайн (google-форма) түрде беріледі: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScM6otnUfNa_rFk1RTOi6qkQpDGs77JIXejF-vb1_j0yD7NtQ/viewform?usp=header
15.Келесі өтінімдер қарастырылмайды және конкурсқа қатысуға жіберілмейді:
1.электрондық пошта арқылы жіберілген өтінімдер;
2.конкурстық іріктеу шарттарына сәйкес келмейтін өтінімдер;
3.құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен өтінімдер.
16.Ұйымдастыру комитеті өтінімдердің не себепті қабылданбағаны туралы хабарламайды.

4. Оқуды ұйымдастыру тәртібі
Оқу 2025 жылдың 10-11 қазаны аралығында екі күн бойы күндізгі (офлайн) форматта өткізіледі.
18. Семинар-тренингтер тізіміне келесі тақырыптар кіреді (курс бағдарламасы өзгертілуі мүмкін):
•Деректерді эксплораторлық талдау
•CSS-ке кіріспе
•Автоматтандырылған мәтіндік талдауға кіріспе
•CI-ға кіріспе
•SNA-ға кіріспе
19. Мектепке оқуға байланысты шығындарды кандидат өзі көтереді. Ұйымдастыру комитеті тарапынан тамақ және тарату материалдары беріледі.
20. Келесі жағдайлардың бірі туындаған кезде тыңдаушының Мектептегі оқуы тоқтатылады:
◦Тыңдаушының оқудан бас тартуы;
◦Семинарларға қатыспауы;
◦Ұйымдастыру комитетінің сұрауы бойынша құжаттарды ұсынбау (жеке куәлік көшірмесі, диплом көшірмесі және т.б.);
◦Тыңдаушының қоғамдық тәртіп пен этиканы бұзуға байланысты теріс қылық жасауы.
21.Осы Ережелердің 20-тармағында көрсетілген жағдайлардың туындауы тыңдаушыны келесі жобалар мен іс-шараларға қатысуға жіберуден бас тартуға негіз болып табылады.
22.Мектептегі оқу қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталады.