Жаналыктар

26 сәуірде Қостанай қаласында Әлеуметтанушылар мектебінің шеберлік сабағы өтті

«Kazakhstan Sociology Lab» әлеуметтанушылар мектебі Қостанай облысының талдау ұйымдарының өкілдері мен студенттеріне арналған презентация өткізді. Шеберлік сабағының тақырыбы – «Зерттеушінің жұмысына арналған құралдар».

Шараның бірінші бөлімінде қатысушылар Әлеуметтанушылар мектебімен танысты. Ал екінші бөлім жұмысы ғылыми тенденцияларды зерттеу, маңызды зерттеу тақырыптарын анықтау және ғылыми өнімділікті бағалау құралдарын практикалық шолуға арналды.

Мұндай құралдардың қатарында: библиографиялық менеджерлер, ғылыми мақалалар арасындағы байланыстарды визуализациялау бағдарламасы, ғылыми жұмыстарға арналған ChatGPT негізіндегі жасанды интеллект бар.