Жаналыктар

Астанада 3-4 маусым күндері ворк-шоп өтеді

📢 Аңдатпа: Kazakhstan Sociology Lab тыңдаушыларына арналған эксклюзив ворк-шоп

🌟 Kazakhstan Sociology Lab-та білім алған студенттерге хабарлама! Сіздер үшін арнайы әзірленген, 3-4 маусым күні өтетін жаңа семинар жұмысына қуана-қуана шақырамыз! Бұл шара - сіздің академиялық дағдыларыңызды жетілдіріп, зерттеу саласы бойынша білім көкжиегіңізді кеңейтуге арналған ерекше мүмкіндік. Біліміңізді жаңа биікке көтеріп, тәжірибеңізді байытуға дайындала беріңіз!

Сізді қандай шаралар күтеді?

1- күн:

1️⃣ Санкт-Петербургтегі Еуропалық университетінен шақырылған Дмитрий Серебрянниковпен өтетін Data-mining.

2️⃣ Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы Шаймарданов Жандоспен өтетін танымдық кездесу.

3️⃣ «Сапалы әдістер» білім беру модулін Жоғары Экономика мектебінен келетін маман, саяси ғылымдар кандидаты Андрей Семенов пен Түмен мемлекеттік университетінің әлеуметтік антропологы және тарихшысы Михаил Агаповтың жетекшілігімен өтетін қызықты онлайн-сессия түрінде аяқтаймыз.

4️⃣ «Перспективті басқару шешімдері орталығының» бұрынғы директоры (2019-2022) Михаил Коминнің «Рolicy research-ты қалай жазу керек?» тақырыбында өткізетін танымдық лекциясынан практикалық кеңестер алатын боламыз.

2-күн :

1️⃣ Санкт-Петербургтегі ЕУ әлеуметтану факультетінің профессоры және Висконсин-Мэдисон университетінің практик-профессоры Михаил Соколов «Академиялық назар аудар(ма)у өнері: Теориялық модельдің алгоритмді жүзеге асыру жолын іздестіруі» тақырыбында жүргізетін қызықты онлайн-сессиясына қатысыңыз.

2️⃣ Клермонттағы Pitzer College-дің әлеуметтану профессоры Азамат Жүнісбайдан «Батыс академиясындағы жас ғалымның мансабы» туралы инсайттар аламыз.

3️⃣ Санкт-Петербургтегі Еуропалық университет жанындағы Ғылым мен білім берудің институционалдық талдау орталығының ғылыми қызметкері Алексей Железновтың тәжірибесі арқылы «Ғылыми саясат элементтері: сапа мен сан арасындағы ресейлік тәжірибе» туралы тереңірек түсінетін боламыз.

4️⃣ Экологиялық, әлеуметтік және басқару ықпалы саласындағы сарапшы, Experimentation Аccelerator Lab (Қазақстандағы БҰҰ ДБ) бұрынғы басшысы Валерия Те жетекшілігімен өтетін «LinkedIn-де ғалым профилін орналастыру» бойынша практикалық шеберлік сабағынан өту арқылы кәсіби тартымдылығыңызды арттырыңыз.

📝 Әлеуметтану саласындағы ең беделді сарапшыларынан білім алып, дағдылар үйренудің бірегей мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Әлеуметтанушылар мектебінің 3-ші ворк-шопы барлық қатысушы үшін өзгерістерге бастайтын тың тәжірибе болатынына уәде береді!