Жаналыктар

19 мамырда Астанада көпшілікке арналған ашық дәрістеріміз өтеді

📌Заманауи әлеуметтану теорияларымен танысып, әлемдік озық біліммен сусындайтын қызықты алаңда шабыт табу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Бұл білім көкжиегіңізді кеңейтіп қана қоймай, әріптестеріңізбен, әлеуметтік ғылымдар саласындағы сарапшылармен өзекті тақырыптарды талқылауға тамаша мүмкіндік береді.

🔹Дәрісші Дмитрий Серебренников (Санкт-Петербург қаласындағы ЕУ Құқық қорғау мәселелері институты, сонымен қатар KSL әлеуметтанушылар мектебінің ғылыми жетекшісі) және Елена Чечик (Санкт-Петербургтегі ЕУ Ғылым мен білім беруді институционалдық талдау орталығы).

🔹Шара 19 мамыр күні Янушкевич 6, ауд. 106 мекенжайында Л.Гумилев атындағы ЕҰУ әлеуметтік ғылымдар факультетінде өтеді.

🔹«Заманауи әлеуметтік теориялар» бойынша семинар-дәріс сағат 17:00-де өтеді (алдын ала мына материалдармен танысқан жөн: 1, 2). Білім беру нәтижесі туралы дәріс сағат 19:00-де өтеді

Іс-шараға тіркелу үшін форманы толтырыңыз.

Кіру тегін. Сізді кездесуде күтеміз!

Ізгі тілекпен, Young Sociologist Community и Kazakhstan Sociology Lab