Жаналыктар

Graduation Conference-2023

Құрметті әріптестер! Сіздерді Әлеуметтанушылар мектебінде 29 қараша күні өтетін «Graduation Conference-2023» шарасына шақырамыз.

Биылғы 29 қараша күні Астана қаласында әлеуметтанушылар мектебінің бірінші легінің қорытынды конференциясы өтеді. Іс-шара аясында мектеп тыңдаушыларының мына жобалар бойынша policy-зерттеулерінің мәтіндерін таныстыру жоспарлануда:

1. Білім беруді зерттеу. Тақырыбы: «Оқушылардың ерекше қабілеттерін көрсету мүмкіндігі қандай мектептерде жоғары?» Зерттеу авторлары бұл сұраққа ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Қазақстанның ауылдық мектептерінің сипаттамалары негізінде және «Мың бала» олимпиадасының нәтижелеріне сүйене отырып жауап береді (ЦИАНО СПб ЕУ); Жоба тәлімгерлері: Ксения Тенишева, Анна Колотовкина (ЦИАНО ЕУ СПб);

2. Криминология. Тақырыбы: «Қылмыс орнын өзгерту мүмкін емес: Қазақстан қалаларындағы ұрлықтардың кеңістіктік заңдылықтарын талдау». Зерттеу барысында Астана, Алматы, Павлодар қалаларындағы ұрлық орын алған орындар (ҚР ҚС және АЕАК деректері) мен осы кеңістіктердің әлеуметтік-экономикалық сипаттамалары арасындағы байланыстар талданады. Жоба ҚР ІІМ өкілдерінің қатысуымен орындалуда. Жоба тәлімгері: Дмитрий Серебренников (Kazakhstan Sociology Lab, ИПП ЕУ СПб );

3. Қала зерттеулері. Тақырыбы: «Алматы қаласының дизайн-коды және халықтың қатысу бюджеті». Авторлар қолданыстағы дизайн кодын дискурсивті қабылдауды және Алматы тұрғындарының әртүрлі топтарының қоғамдық қатысу бюджетімен жұмыс істеу тәжірибесін зерттейді. Жоба тәлімгерлері: Ната Волкова («Алматыгенплан» ҒЗИ ЖШС), Дархан Медеуов (Nazarbayev University, Kazakhstan Sociology Lab);

4. Жұмыспен қамтылуды зерттеу. Тақырыбы: «Жұмыс берушілер еңбек нарығында қандай сұранысты қалыптастырады?». Зерттеу жұмысында бос орындар үшін көрсетілген болжамды жалақы мен үміткерлерге қойылатын талаптар арасындағы байланыс зерттеледі. enbek.kz сайтында 2023 жылдың шілде айында жарияланған барлық бос орындарға талдау жүргізілді. Жоба тәлімгерлері: Әлия Сәрсекеева, Адиль Родионов (Kazakhstan Sociology Lab, ЕҰУ);

5. Гендерлік зерттеулер. Тақырыбы: «Әлеуметтік желілерде жолдасының зорлық-зомбылық көрсету жағдайларын қабылдау динамикасы». Қазақстандық медиадағы YouTube видеоларға қалдырылған пікірлерге компьютерлік лингвистика құралдарын пайдалана отырып, зорлық-зомбылық көрсету жағдайларын талқылау динамикасына талдау жасалған. Жоба тәлімгері:Яна Сосновская (ЖЭМ СПб, ЕУ СПб).

Конференцияда мектеп 2024 жылға тыңдаушыларды қабылдау басталғанын жариялайды, ағымдағы лек бітірушілеріне сертификаттар табысталады.

Өтетін орны: Astana Hub, Мәңгілік ел 55/8, 1 қабаттағы конференц зал

Қатысу алдын ала тіркелу бойынша жүреді: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSffSi7uX-nz7wYOld5QPCS3ijM3AJqAd9VwynjLU_53a-Pi4w/viewform